МЕХАНИКА БӨЛІМІ БОЙЫНША САНДЫҚ ЗЕРТХАНАЛАРДЫ ЭКСПЕРИМЕНТІНДЕ ҚОЛДАНУ

  • Мехрибан Жұмағалиева университет
Ключевые слова: Кілт сөздер: Сандық зертхана; компьютер,эксперимент; Архимед сандық зертханасы; Nova; сұйықтықты салқындату

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада сандық зертханаларды білім беруде қолданылу туралы
баяндалады. Қазіргі таңда, виртуалды әлем кең өріс алып келе жатқаны бәрімізге аян.
Виртуалды әлем – компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік-уақыттық
континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді,шындықты қолдан жасалған
құрылымды қалыптастыру нәтижесі болып табылады. Бұл жағдайда сана компьютер
құрастырған мүмкін әлемге енеді, ол жерде виртуалды түрде көріне,сезіне және әрекет
ете алады. Сол себепті виртуалды зертханаларды білім беруде қолданудың маңызы зор.
Мақаланың басты мақсаты сандық зертхананың білім берудегі, нақтырақ айтқанда
сандық зертхананың мүмкіндіктері студенттермен жұмысты сапалы жаңа деңгейге
шығаруға, студенттерді физика саласындағы өзіндік шығармашылық жұмыстарға
дайындауға, оқу үдерісіне белсенділік тәсілінің басымдылығын жүзеге асыруға және
олардың танымдық, ақпараттық қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Опубликован
2021-12-25
Раздел
Педагогика