ҚАЗІРГІ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ МӘТІНДЕГІ ПЕРИФРАЗАНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

  • Мейрамгул Камалиден жубанов

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада перифразаның қызметіне, олардың тілдік белсенді лексикалық
құрамына енуіне ерекше назар аударылады. Сонымен қоса, публицистикалық мәтіндердегі
перифразалардың қолдану ерекшелігі талданып, мысалдар келтіріледі. Газет
дискурсындағы перифразаның әртүрлі лингвистикалық ерекшеліктерін анықтай отырып,
публицистикалық мәтіндегі перифразаның басты мүмкіндіктері сипатталады.
Перифразаның өзі үлкен экспрессивтілікке ие емес. Оның мағынасы мәтіндерде әр түрлі
сипаттамалық (эстетикалық) функцияға, жақын немесе кең көлемді контексттің
мазмұнына, тіпті кейде бүкіл шығарманың мәтініне байланысты болады.
Публицистикалық мәтіндерде перифразаны метафора мен метонимия сияқты
экспрессивтілікті тудыратын құралдармен біріктіріп қолдану тән. Метафора мен
метонимия қолдану аясы, перифразаға жақын келеді.
Мақалада американдық баспасөз материалдары негізінде перифразаның кеңейтілген
құрылымдық, семантикалық және функционалдық ерекшеліктері анықталды. Зерттеу
жұмысы прагматикалық әдіс арқылы перифразаны бұқаралық ақпарат құралдар
байланысы арқылы перифразалаудың семантикалық ерекшеліктерін орнатуға, қазіргі
ағылшын журналистикасы арқылы логикалық және бейнелі әдістерін ерекшелеуге мүмкіндік
береді. Сондай-ақ перифраза түрлерінің кейбір классификациялары берілді, олардың
негізінде статистикалық кесте құрастырылды, бұл ұсынылған функционалды стильдерде
қолданылатын перифраза түрлерін бағалауға және салыстыруға және осы стильдердегі
зерттеудің көрнекі нәтижелерін көруге көмектеседі.

Опубликован
2021-12-25
Раздел
Филология