XІ-XV ҒҒ. БАТЫС ЕУРОПАНЫҢ АГРАРЛЫҚ ДАМУЫ (ФРАНЦИЯ, АНГЛИЯ, ГЕРМАНИЯ, ИТАЛИЯ, ИСПАНИЯ)

  • Камида Кужабергенова ЗКУ им.М.Утемисова

Аннотация

Аңдатпа. Бұл мақалада Х-ХV ғғ. арасындағы Батыс Еуропа елдеріндегі тарихи
үрдістің негізгі мазмұны болған – феодализм генезисінің даму қарқындары мен
ерекшеліктері қарастырылады. Феодализм генезисін қамтамасыз еткен екі процесс:
феодалдық типтегі жер иеленушіліктің қалыптасуы және шаруалар басыбайлылығының
қалыптасуы зерттеледі.Аталған мақалада салыстырмалы талдау әдісі арқылы ХІ-ХV ғғ.
Францияның, Англияның, Германия және Италияның аграрлық қатынастар тарихы
зерттеледі. ХІ-ХV ғғ. Батыс Еуропа елдеріндегі ортағасырлық феодалдық қатынастардың
алғышарттары, жағдайы, факторлары және даму эволюциясы сарапталады. Қоғамның
әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер және тауар-ақша қатынастарының даму
факторлары қарастырылады.

Опубликован
2021-12-25
Раздел
История