ЖЕР БЕТІ ТҰЩЫ СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ӨЗДІГІНЕН ТАЗАРУЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА НЕГІЗДЕЛУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

  • Ердаулет Аскарбекович Тулегенов

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада су ресурстарын интеграцияланған басқару принциптері, ландшафттың
негізгі көрсеткіштері бойынша ақпарат жинау; су қоймаларында поллютанттардың шоғырлануын
бағалау; су жинау алаңы аумағындағы қоқыстардың сипатын анықтау, экотоксиканттардың
әлеуетті көздерін анықтау; су қоймаларының өзін-өзі тазарту процестерін бағалау; су
қоймаларының өзін-өзі тазарту және сапасын жақсарту процестерін қолдау үшін су қоймаларын
қорғау және оңалту әдістерін таңдау бойынша зерттеу нәтижелері қарастырылған. Мақалада су
объектілерінің қауіпсіздік стратегиясы экожүйенің табиғи жағдайда дамуының факторлары болып
табылуы негізінде судағы ерітілген оттегі мөлшері мен оттегіні биологиялық тұтынудың
арақатынасы бойынша су қоймаларының өздігінен тазарту қабілетіне баға берілді. Су
қоймаларының түбіндегі шөгінділерден анықталған тұрақты органикалық ластағыштарға
жүргізілген зерттеудің және жер беті су ресурстарын тұрақты органикалық ластаушылар
бойынша олардың жиынтық үлесіне жүргізілген салыстырмалы талдаудың қорытындыларының
ұсыныстары берілді.

Опубликован
2021-12-25
Раздел
География