ТЕХНОГЕНДІК ШИКІЗАТ НЕГІЗІНДЕ ТИІМДІ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ АЛУ ЖОЛДАРЫ

  • Динара Шарипова ЗКУ им. М.Утемисова

Аннотация

Аннотация. Ұсынылып отырған мақалада қазіргі кездегі түрлі өндірістерден
шығатын техногендік қалдықтардың жағдайы зерттелді. Соңғы жылдардағы ғылыми-
техникалық әдебиеттер мен патенттік жұмыстарға шолу жасалып, техногендік
қалдықтардың қоршаған ортаға, тірі ағзаларға зияны қарастырылды. Техногендік
қалдықтардан арылудың және оларды өңдеудің жолдары айтылды. Техногенді шикізаттың
және олардың компоненттерінің негізінде композиттер өндірісінің жай-күйі мен даму
перспективалары қаралды. Минералды матрицалары бар композициялық материалдардың
конденсацияланған күйі физикасы саласындағы заманауи жетістіктер және
толтырғыштардың әртүрлі өлшемдері қарастырылған. Жетекші ғылыми мектептердің
композиттер жасауға деген көзқарастары талданды, КМ алудың көптеген мәселелері
ашық күйінде қалып отырғаны анықталды. Техногендік шикізат негізінде композициялық
материалдар алу процесін оңтайландыру компоненттердің өзара әрекеттесуінің барлық
түрлерін ескеретін мақсатты функциялар мен параметрлерді өзгерту арқылы жүргізілуі
керек деген қорытынды жасалды

Опубликован
2021-12-25
Раздел
Экология