КАCПИЙМАҢЫ ОЙПАТЫ ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ГИДРОГРАФИЯЛЫҚ ЖЕЛІСІНІҢ ДАМУЫ

  • Асель Кішібекова ЗКУ им. М. Утемисова

Аннотация

Бұл мақалада кейінгі плейстоцен мен ерте голоценнің гидрографиялық желісі қарастырылады. Каспий теңізі әр түрлі абсолюттік биіктікке көтерілгені белгілі. Өзендер теңіздің жағалаушы сызықтарының бойымен жүрді және қысқа мерзімді атыраулар құрады. Кейбір атыраулар бірдей деңгейде тоқтаса, ал басқалары оңтүстікке қарай жылжып, мөлшерін ұлғайтты. Жайық, Ойыл, Сағыз және басқалар өзендердің көптеген арналарға бөлініп, жинақтаушы немесе мүсіндік атыраулар құрады. Мақалада Каспий маңы ойпатындағы өзендер желісін талдауға және атыраулардың Хвалын уақытының түрлі кезеңдерінде қалай дамығанына толық сипаттама беріледі. Бұл жұмыстың мақсаты - Каспий маңы ойпаты территориясындағы ертехвалын және кешхвалын уақытындағы өзендер желісін зерттеу болып табылады. Яғни, олардың ертехвалын трансгрессиясы орын алып, кешхвалын мұз басуымен сәйкес келуі бойынша сипатталады.

Опубликован
2021-09-25
Раздел
География