ЖЕЛІЛІК ЖОСПАРЛАУ ЕСЕБІ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУШЫЛАР АРАСЫНДА ЭЛЕКТИВТІ ПƏНДЕРДІ БӨЛУДІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МОДЕЛІН ЖАСАУ

  • Айнаш Айдарханова Университет

Аннотация

Оқу қызметі жоғары оқу орындарында құрылымы жағынан көп қырлы және күрделі. Мұндай қызметтің негізгі мақсаты – сапа, еңбек нарығындағы сұраныс, ғылым саласындағы әлемдік жетекші мазмұнына сәйкестігі және басқа да көптеген критерийлерге жауап беретін білім беру қызметтерін көрсету. Осы мақсатқа қол жеткізу басты адами ресурс – профессорлық-оқытушылық құрамды тиімді пайдалануға байланысты.

Қазіргі уақытта өндірістегі көптеген процестерді тиімді басқару үшін желілік жоспарлау модельдері қолданылады.

Мақалада желілік жоспарлау есебінің бірі – тағайындау есебі – университеттің оқу процесін басқаруда қолданылуы сипатталған. Әрбір элективті пән бойынша максималды біліктілік пен құзыреттілікке ие оқытушы-кандидаттардың тізімдерін автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарламалық өнімді құру. Осы есептің негізінде осы саладағы ең жоғары білікті оқытушыларға элективті пәндерді бөлуді автоматтандыратын бағдарламалық қосымша әзірленді.

Опубликован
2022-06-25
Раздел
Педагогика