БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОРВА КӨЛІНДЕГІ ЗООПЛАНКТОНДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

  • Аружан Жеңсікбай Магистрант

Аннотация

Бұл зерттеу жұмысы жалпы Батыс Қазақстанның көлдер жүйесінің бірі Прорва көлінің суының қаншалықты таза екендігін көрсететін көрсеткіштердің бірі зоопланктондар қауымдастығы туралы болмақ. Зерттеу барысында  біз арнаулы экспедиция мүшелерінің қатысуымен бірге Батыс Қазақстан облысындағы Прорва көлінен 2023 жылдың көктемгі, жазғы, күзгі кезеңіндегі зоопланктон сынама үлгілерін алдық. Алынған зоопланктон сынамаларының ішінен зоопланктонның 17 түрі анықталып 3 негізгі топқа жіктелді. Олар: Rotifera, Copepoda және Cladocera болды. Бұл дегеніміз-  Rotifera- ең ұсақ мөлшердегі зоопланктон түрлері, Copepoda- орташа мөлшердегі зоопланктон өкілдері және Cladocera – ең ірі көлемдегі зоопланктон өкілдері болып табылады. Пішіндері мен түрлеріне және морфологиялық ерекшеліктеріне қарай әр топқа жіктеледі. Алынған әр сынаманы арнайы зертханалық құрал – микроскоп арқылы қарап, олардың пішіндерін, түрлерін қарау арқылы, әдістемелік нұсқаулықтан қарап түрлері ажыратылып жазылды.

Опубликован
2023-12-25
Раздел
Экология