ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИННІҢ "МАХАББАТ МЕЙРАМЫ" РОМАНЫНДАҒЫ КӨРКЕМДЕГІШ ҚҰРАЛДАР

  • asel zhamanbaeva tarru

Аннотация

Мақала әдебиет теориясындағы көркемдегіш құралдарды анықтап, ажыратуға арналған. Әдебиеттің тек пен түрлері талқыланып, көркем шығармадағы көркемдегіш құралдар анықталып, сараланған. Авторлар мен әдебиеттанушылардың ғылыми еңбектерін оқып, талдап отырып, Ілияс Есенберлиннің  «Махаббат мейрамы» романындағы көркемдік аспектілерге тоқталып, мысалмен келтірген. Автордың еңбегінде көркемдегіш құралдар молынан ұшырасқан. Романда тілдік ерекшеліктер, шығарма желісі баяндалады. Көркемдегіш құралдарға жеке-жеке дәлелмен тоқталады. Әдебиеттегі тілдің көркемдегіш тәсілдерін тез, мысалмен оңай меңгеруге мүмкіндік береді. Романнан  өзгелердікіне ұқсамайтын  соны сезімді байқамау мүмкін емес. Автордың  махаббатты  ең қымбат қазына санағанына осы бір шығармасы арқылы көз жеткіземіз. Бұл сөзімізге «Махаббат мейрамы» романы  жарқын  дәлел бола алады. Мақала әдебиетті зерттеушілер, филолог мамандар мен журналистерге арналған.

Опубликован
2022-06-25
Раздел
Филология