“БЕЙМЕТАЛДАР ХИМИЯСЫ” МОДУЛІНДЕГІ “ГАЛОГЕНДЕР” ТАҚЫРЫБЫН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ДАЙЫНДАУ

  • Аружан Жолдан КазНУ им. Аль-Фараби
  • Алмагуль Ниязбаева КазНУ

Аннотация

Қазіргі таңда кәсіби біліктілігін арттырғысы келетін жас мамандар жаңа білім алудың жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындарының мамандары Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуына байланысты және соған сәйкес оларға қойылатын талаптардың өсуіне қатысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, жаңа технологиялар енгізеді. Сондай қазіргі таңдағы әлемдік деңгейде шарықтап тұрған оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту.

Қашықтықтан оқу - кез келген жерде білім алуға мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялар арқылы оқу. Химия пәнінен қашықтықтан оқыту жағдайында студенттің қызығушылығын арттыру мақсатында, оқытушы тек дәріс сабағын ғана емес, сонымен бірге семинар сабағын, зертханалық жұмысты да жаңа технологиялар мен әдістерді пайдалана отырып өткізе алуы қажет. Осыған орай, мақалада бейорганикалық химия курсынының, “Бейметалдар химиясы” модулінің “Галогендер” тақырыбын қашықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешені ұсынылады. Кешен дәріс, зертханалық жұмыс және семинар сабақтарының әдістемелерін қамтиды. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, жаңа технологияларды қамтитын оқу-әдістемелік кешен оқытушылар үшін ыңғайлы, ал білім алушылар үшін түсінікті әрі қызықты болады.

Опубликован
2022-06-25
Раздел
Педагогика