ОРАЛ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫРДЫҢ ҚЫЗЫЛ СИЫРЛАРЫНЫҢ СҮТТІЛІК ӨНІМДІЛІГІ ЖƏНЕ ОНЫҢ САПАСЫ

  • Амангельды Рустенов Западно-Казахстанский Университет имени Махамбета Утемисова

Аннотация

Тәжірибелік қырдың қызыл сиырлары мықты конституциялы, экстерьерлік көрсеткіштері бойынша І-ші классқа 82,61%, ІІ-ші классқа 17,39% болды. Гематологиялық   көрсеткіштері бойынша  алғашқы және үштен көп төлдеушілере  гемоглобиндері 109,6-111,4 г/л, эритроциттері 6,9-,7,1 10¹²/л,  жалпы ақуыздары 80,1-80,3 г/л, қан сары суының белсенділіктері бойынша: бактериялық  50,6-52,4%, лизицимдік   24,8-26,7%, нейтрофилдің фагоцитарлық 56,4-58,3% аралығында. Сиырларының сүттілік өнімділігі лактацияның  1-ші айында  алғашқыларда 342,4 кг болса, үштен көп төлдеушілерде 381,6 кг болып, айырмашылықтары 39,2 кг құрады. Алғашқы төлдеушілердің лактациялық сүттілік өнімділігі 2839 кг, ал үштен көп төлдеушілерді сиырларда 3507 кг құрады. Сиыр сүттеріндегі лактациялық орташа майлылығы алғашқы төлдеушілерде 3,79%, үштен көп төлдеушілерде 3,87% құрады. Сиырларының сүттерінің физикалық және химиялық көрсеткіштері бойынша майдың массалық үлесі 1-ші төлдеушілерде 3,85% , ал көп төлдеушілерде 3,67%, сол сыяқты тұздардың массалық үлесі 2,03% және 1,96% құрады. Лактозаның массалық үлестері    алғашқы төлдеушілерде 4,71% және көп төлдеушілерде 3,83%, алғашқы төлдеушілерде лактоза 1,04% мол.  

Опубликован
2022-06-25
Раздел
Экология