ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ҚАШЫҚТЫҚАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫ БОЙЫНША ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАНЫ ҚОЛДАНУ

  • Ұлдай Мұратова ЗКУ им. М.Утемисова

Аннотация

Зерттеудің мақсаты - витруальды зертхананы қолдана отырып, органикалық химияны қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау. Қойылған міндетті шешу үшін мақала авторы педагогикалық әдебиетті, виртуалды зертхананы пайдалану туралы тәжірибені ескере отырып, студенттерді қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың практикалық ісіне талдау жүргізді. Мақалада виртуалды зертхана форматында органикалық химия курсы бойынша практикалық сабақтарды өткізу мүмкіндіктері сипатталған. Виртуалды зертхананы пайдаланудың әдістемелік тәсілдері көрсетілген. Пәннің ерекшелігін ескере отырып, органикалық химияны қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың тиімді құралдары анықталды. Органикалық химия пәнінінен  студенттерді даярлаудағы виртуалды зертханалық жұмыстарды құрудың әдістемелік ерекшеліктері зерттелді, органикалық химияны оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды құрудың өлшемдері анықталды. Виртуалды зертхананы пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту жағдайында студенттер мен оқытушылар тап болатын қиындықтарды шешу жолдары көрсетілген. 

Опубликован
2022-06-25
Раздел
Педагогика