БЕЙНЕМАТЕРИАЛДАР КӨМЕГІМЕН БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚAЛЫПТAСТЫPУ БАҒЫТТАРЫ

  • Аида Жетпісбай КазУМОиМЯ имени Абылай хана

Аннотация

Аңдатпа. Шетел тілін оқудың негізгі мақсаты білімгерлерге ағылшын тілінде қарым-қатынас негіздеріндамыту болып отыр. Әлеуметтік қарым-қатынасты дамыту мақсатында білім алушылардың әлеуметтік құзыреттілігін дамытуда ақпараттық технологияларды қолдану көмегімен жүзеге асады. Тіл – адамның дүниетанымын танытатын көп қырлы ақпараттық-танымдық құбылысқа жатады. Бұл білім алуда адам ойлауымен, санасымен, көзқарасымен тығыз байланысты.

Білім алушыларды ақпараттық біліммен қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы видео технологияларды өз мүмкіндіктеріне орай пайдалану үшін білімгерлердің әлеуметтік дағдыларын, тілдік біліктілігін, ақпараттық сауаттылығын дамытудың маңызы зор. Білім беруді дамытудағы өзекті мәселелердің брі - шетел тілін оқыту ғылымының деңгейін арттыру, оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларын өзгерту, педагогикалық технологияларды жетілдіру, озық тәжірибелерді қолдану, қоғамдағы ақпараттық мәдениет пен сауаттылықты арттыру болып отыр. Осы бағытта зерттеуде білімгерлердің әлеуметтік құзыреттілігін бейнематериалдар арқылы дамытудың тиімділігін дәлелдеуге тарыстық.

Опубликован
2022-06-25
Раздел
Педагогика