ИІСТІШӨП (AJUGA L.) ӨСІМДІГІНІҢ ЭНДЕМИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Марат Тыныкулов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Аннотация

Иістішөп (Ajuga L.) - көпжылдық, сирек бір жылдық жабайы өсетін және Еуразия аумағының кейбір елдерінде (Өзбекстан, Тәжікстан) дақылға енгізілген эндемикалық өсімдігі. Ол көгалдар мен аула плантацияларының сәндік өсімдіктері ретінде қолданылады. Иістішөп өсімдігінің кейбір түрлерінде туркестерон (Ajuga pyramidalis) және экдистерон (Ajuga reptans) сияқты құнды биологиялық белсенді заттар бар.

Өсімдіктен биологиялық белсенді заттардың бөлінуі адам өміріндегі көптеген өзекті мәселелерді шешеді. Ұсынылған шолуда иістішөп өсімдіктерінің өсу аймағын, морфологиялық және биологиялық қасиеттерін зерттеуге арналған жұмыстардың негізгі нәтижелеріне талдау жасалды. Иістішөптің негізгі түрлері мен түршелері, өсуі мен дамуы, өсімдіктерге күтім жасау ұсынылған. Өсімдіктің медицина мен тамақ өнеркәсібіне қажеттілік үшін қолданудың негізгі әдістері көрсетілген. Оларға өсімдіктің вегетативті және генеративті мүшелерінен дәрілік өсімдік шикізатын алу; өсімдіктерден биологиялық белсенді заттарды оқшаулау әдістері; in vitro жасуша культурасын алу әдістері (суспензиялық және каллустық) жатады.

Опубликован
2022-06-25
Раздел
Экология