СОЛТҮСТІК АРАЛ МАҢЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ-АҒЫМ ТҰРАҒЫНЫҢ ДОҢҒАЛ ТИПТЕС КЕРАМИКАСЫ
Аннотация
Мақалада Жалғыз-Ағым тұрағының доңғал типтес керамикасының техникалық-типологиялық талдауының нәтижелері берілген. Керамикалық кешен А.А. Бобринский мен оның ізбасарлары қалыптастырған ежелгі қыш өндірісін зерттеудің тарихи-мәдени тәсілі шеңберінде зерттелді.
Зерттеу жұмысы Жалғыз-Ағым тұрағының доңғал типтес керамикасында мәдени дәстүрлерді анықтап, басқа ескерткіштердің материалдарымен салыстыруға бағытталды. Берілген тип керамикасын зерттеу сол уақытта өмір сүрген көзешілер жаппай орташа темірленген сәл құмды саз-балшық қолданғандарын көрсетті. Саздардың құмдану деңгейін, лайлы саздарды және табиғи минералды қоспалардың құрамын зерттеу бастапқы иілімді шикізат көзінің бес шартты «орнын» анықтауға мүмкіндік берді. Қыш ыдыстарының қалыптау қоспаларын зерттеу Жалғыз-Ағым тұрағында доңғал типтес керамиканың жасалуы «саз+шамот+органикалық ерітінді» (70%) тәсілі бойынша басым екендігін көрсетті, ал қалған тәсілдер бірең-сараң тіркелді. Алынған нәтижелер бойынша осы қоныста сол уақытта өмір сүрген тұрғындар едәуір біркелкі болды деп қорытындылауға мүмкіндік береді. Қыш ыдысының бетін өңдеу үшін жұмсақ затпен қолмен тегістеу қолданылып, беті ангобпен боялған (100%). Зерттеліп жатқан қыш ыдыстарының арасында көзе пішінді ыдыстар жаппай кездеседі (70%), белдеу (52,9%) және тегіс (41,2%) элемент басым өрнек болып табылады.
Осылай, зерттелген материалдар доңғал типтес керамиканың Батыс Қазақстанда да таралғандығын көрсетеді.