КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ «ӨМІР» КОНЦЕПТІСІ

  • Бауыржан Каспихан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Аннотация

Мақалада көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Өмір» концептісі
талданады. Жазба ескерткіштердегі «Өмір», «Өлім»концептілерінің репрезентациялануы,
көне түркі жазба ескерткіштерінің танымдық тұрғыда зерттелуі сөз болады. Адамзат
танымындағы «Өмір ағашы» ұғымының түркі халықтарының когнитивтік әлемінде «Өмір»
концептісінің, қасиетті күштер мен құдайлар пантеонының, түркі танымындағы үш түрлі
әлемнің моделі болатындығы баяндалады. Көне түркі жазба мұраларында Жерасты әлемін
Еркілік басқарса, Ортаңғы әлемде Ұмай ана мен қасиетті Жер-Судың болатынын, Жоғары
әлемде көк Тәңірінің басқаратынын көруге болады. Ескерткіш мәтіндерінде «Өлім»
концептісін цltig, adпrпltпm, kдrgдk bol, uča bar сияқты тілдік бірліктер құрайды. Көне түркі
жазба ескерткіштері материалдары негізінде түркілердің өлім туралы философиялық ойлары
жүйеленіп, түркі халықтарының дүниетанымы этнолингвистикалық тұрғыда зерделенеді.

Опубликован
2021-09-25
Раздел
Филология