ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ (БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША)

  • Разия Калдыбекова КазНПУ имени Абая

Аннотация

Мақалада жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына сәйкес
географияны оқытудың бүгінгі күн талаптары жайлы айтылады. Оқытуды
ұйымдастырудың бүгінгі талабы - білім берудің қолданбалы бағытын күшейтіп, білім
алушылардың ойлау жүйесін дамытып және шығармашылық, ізденушілік, зерттеушілік
дағдыларын қалыптастыру.
Ұсынылған осы зерттеу жұмысында Блум таксономиясының ойлау дағдыларының
деңгейлеріне тоқталып, таксономиядағы кейіннен енгізілген өзгерістерге шолу
жасалынады. Сонымен қатар, орта мектептерге арналған география оқулықтарындағы
тақырып соңында берілген сұрақтар мен тапсырмаларды таксономия бойынша жіктеуді
оқушыларға түсінікті болу жағы қарастырылады.
Жоғары сынып оқушыларының мүмкіндігінше, жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын
қалыптастырудың жолдары зерттеледі. Орта мектеп оқушыларының 9-сынып оқушылары
қатысқан зерттеу жұмысының оң нәтижелері айқындалып, нәтижесі кесте,
диаграммалар арқылы көрсетілген. Сондай-ақ, арнайы ұйымдастырылған 6 аптадағы
зерттеудің қорытындысы бойынша, оқушылардың жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын
арттыруға болатын жолдары баяндалады.

Опубликован
2021-09-25
Раздел
Педагогика