НАҚТЫ ЕГІНШІЛІК ЖҮЙЕСІНДЕ ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСІН БАСҚАРУ ТӘСІЛДЕРІ

  • Aсима Кошим КазНУ им.аль-Фараби

Аннотация

Андатпа. Нақты егіншілік жүйелерінің құрылысы мен қолданылуы қашықтан
зондтаудың үнемі жаңартылып отыратын деректерінің көп мөлшерін талап етеді. Нақты
егіншілік жүйелерінде қолдануға арналған мәліметтер зерттелетін объектілердің кішігірім
болуына байланысты жоғары кеңістіктік ажыратымдылыққа, жердің және топырақ
биомассаның жағдайын зерттеуге жарамды диапазондағы арналарға ие болуға (тікелей
немесе әр түрлі өсімдік индекстері арқылы) тиіс. Мақалада нақты егіншілік бойынша дәнді
дақылдардың өнімділік элементтерінің орнығуы мен қалыптасуының биологиялық
негіздеріне зерттеулер жүргізілген.Егіс алқабына тыңайтқыштарды саралап енгізу- нақты
егіншіліктің маңызды экономикалық және экологиялық аспектілерінің бірі болып табылады.
Тыңайтқыштарды дақылдардың қажеттіліктеріне сәйкес қолдану, бұл оларды
пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етеді.Бұл технологияны пайдалану тыңайтқыштың
құнын едәуір төмендетеді, және оларды мәдени өсімдіктердің қажеттілігіне байланысты
енгізеді, сонымен қатар топырақтағы қоректік заттардың құрамын қамтамасыз етеді.

Опубликован
2021-12-25
Раздел
География