ҚАЗАҚТЫҢ ТАМА РУЫНЫҢ ҰРАНЫ ХАҚЫНДА
Ключові слова:
ұран, тама, Қарабура, Баба Туклес, ноғай, Мәжму ат-тауарих, Жошы Ұлысы, Қарахандықтар
Анотація
Бұл мақалада қазақтың Тама руының ұраны – Қарабураның шығу тегі мен мағынасы қарастырылады. Автор жазба, ауызша және этнографиялық материалдарға деректанулық талдау жүргізіп, аталған ұранның әртүрлі шығу нұсқаларын анықтайды. Зерттеуде Қарабура туралы тарихи деректер қазақтың шежірелік дәстүрлерімен, сондай-ақ әртүрлі аймақтарда таралған аңыздармен салыстырылады. Зерттеу нәтижелері Қарабура бейнесінің этникалық және діни факторлардың ықпалымен қалыптасқанын және оның халықтық дәстүрдегі құрметіне әсер еткенін көрсетеді. Жазба деректерді талдау негізінде Қарабураның Жошы Ұлысының әмірлерінің бірімен байланысы туралы гипотеза ұсынылады.