«ПОЛИМЕРМЕТАЛДЫ КОМПЛЕКСТЕРДІҢ КАТАЛИЗДІК ҚАСИЕТТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫН МЕКТЕПТЕГІ ХИМИЯ КУРСЫНДА ҚОСЫМША САБАҚ РЕТІНДЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТАНУДА ҚОЛДАНУ
Abstract
Аңдатпа. Қазіргі кезде жақсы дамып жатырған өндіріс салаларының бірі – полимер өнеркәсібі. Полимерлерді дұрыс қолдана білу арқылы көптеген өзекті мәселелердің шешімін табуға болады. Сондықтан полимерлерді синтездеу мен өңдеудің өнеркәсіптік технологиясының негіздерін болашақ химиялық технолог мамандарға мектеп курсынан бастап үйрету өте маңызды. Алайда, мектеп курсында аталған тақырыптың мазмұны егжей-тегжейлі ашылмаған. Осыған байланысты мектептегі химия курсында полимерметалды комплектердің алынуы, қолданылу салалары, оларды пайдалану маңыздылығы, катализдік қасиеттері туралы әр түрлі әдебиеттерден жинақталған теориялық ақпарат талданды. Мектептегі полимер мен металл тұзын таңдау принциптері анықталып, «полимерметалды комплекстердің катализдік қасиеті» тақырыбы бойынша тәжірибелер таңдалды. Химиялық теория мен тәжірибелерді қолдана отырып, «полимерметалды комплекстердің катализдік қасиеттері» тақырыбы бойынша сабақ конспектісі жасалды және оларды химияны мамандандырылған оқыту процесінде қолданудың тиімділігі анықталды.