ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ҚЫШ ІСІНІҢ БЕЙЗАТТЫҚ АСПЕКТІСІ: АҢЫЗ-ӘҢГІМЕЛЕР МЕН НАНЫМДАР
Abstract
Аңдатпа. Кіріспе. Мақалада қыш ісіне қатысты аңыз-әңгімелер мен нанымдар материалдық емес мәдени мұраның бір бағыты ретінде ғылыми деректер мен этнографиялық материалдарға негізделіп, рухани мұра ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дала жұмыстары барысында алынған этнографиялық мәліметтер мен ғылыми материалдар негізінде Орта Азия елдері қыш ісінің материалдық емес аспектісін зерттеу.Әдістер. Аталған мәселені зерделеу кезінде этнографияны зерттеудің негізгі әдістері, атап айтқанда сауалнама және анкета әдістері қолданылды. Сонымен қатар, қыш ісі туралы аңыздар мен рәсімдердің даму процесін анықтауға ықпал еткен сарқыншақ әдісінің ерекше маңыздылығын атап өткен жөн. Нәтижелер. Алынған мәліметтер негізінде қыш ісіне қатысты аңыз-әңгімелер мен нанымдар материалдық емес мәдени мұра ретінде дәстүрлі дінмен өзгеріске ұшырап, немесе жылдан жылға өз өзектілігін жоғалтып барады. Қорытынды. Орталық Азия елдері қыш ісінің материалдық емес мәдени мұрасын зерделеу негізінде мәліметтердің мардымсыз екені анықталып, аталған сұрақ жан-жақты зерттеуді қажет ететіндігі, сонымен қатар бар ақпарат негізінде материалдық емес мәдени мұра элементтерін қайта жаңғыртып, артынан тізімдеу жүргізу қажет етеді деген қорытынды жасалды.