ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДЕР АЙМАҒЫНЫҢ ИНДЕР ТҰЗДЫ-КҮМБЕЗДІ БАССЕЙНІНІҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Анотація
Аңдатпа. Бұл мақалада Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы Индер тұзды күмбезді бассейнінің юра және бор шөгінділері сипатталған. Жұмыстың материалы болып 2023 жылдың көктемінде жүргізілген бақылаулар мен табылған үлгілер болды. Материалдар классикалық палеонтология мен геологиядағы қолданылатын тәжірибелер мен әдістерді қолдану арқылы зерттелді. Тұзды күмбез құрылымының маңызды ерекшелігі мезозой шөгінділері болып табылады. Юра және бор шөгінділері теңіз фаунасы мол мергельдер мен әктастарымен ерекшеленеді. Көктау жотасының беткейлерінде триас дәуірінің тау жыныстары бетінде қызыл саздармен, айқаспалы құмтастармен және конгломераттармен ұсынылған. Фаунадан омыртқасыз жануарлардың келесі қалдықтары табылды: басаяқты моллюскалар Belemnitella mucronata, қосжақтаулы моллюскалар Gryphea dilatata, теңіз кірпісінің қабығы Echinocorys sp., жалғыз склерактин маржаны Caryophyllum similotrochus.