«ФРОНТИР» XVIII – ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ШЕКАРАСЫН ҚАЙТА ҚҰРЫАЛҮЫНЫҢ ТАРИХИ ҚҰРАЛЫ

  • Галина Ксенжик Казахский национальный аграрный исследовательский университет
Ключові слова: реконструкция; фронтир; шекара; ХVIII-ХХ ғасыр басындағы көрнекі дерек көздері; пәнаралық.

Анотація

Мақалада XVIII – ХХ ғасыр басындағы Қазақстан тарихындағы «кеңістіктік құбылысын зерттеу және талдау бойынша 2024 жылғы зерттеудің нәтижелері берілген.

Табылған дереккөздер зерттеліп отырылған кезеңдегі бекіністердің әр алуан жобаларын, Ресей империясының әскери жасақтарының жүру жолдарын, бекініс шептерін, шекараның жылжымалылығын, шекара заставаларын, Ресей империясы әскерінің қарулануын және Қазақстандағы әкімшілік-территориялық өзгерістерді тарихи тұрғыдан айқын көрсетеді.

Анықталған көрнекі және жазбаша дереккөздерді талдау нәтижесінде Қазақстан тарихындағы кеңістік құбылысы XVIII – XX ғасырлардағы Қазақстан аумағында ұзақ және көп өлшемді сипатқа ие (әскери, әлеуметтік-мәдени) екендігі анықталды.

Әскери фронтирдің негізгі белгілері бекіністерді орналастыру, милитаризациялау, тұрақты әскери бөлімдер, басқарудың әскерилендірілген нысандары болды. «Фронтирдің» ілгерілеуі батыс пен солтүстік-шығыс жақтан келді. Белгілі бір шекараның қалыптасуына қол жеткізу арқылы құрылды, яғни өзендер мен тау жоталары. Бұл Ресей империясының отаршылдық ұмтылыстарын ақтады.

Жарияланды:
2025-03-25