ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРҒА МАТЕМАТИКАДАН ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Утекова Нагима Сериккалиевна

  • Нагима Утекова ЗКУ им М Утемисова
Ключові слова: Қашықтықтан оқыту, оқушы, сайт, әдіс, мектеп, проблемалық оқыту, жаттығу, есеп, математикалық процесс, құзыреттілік.

Анотація

Мақалада  танымдық қызметтің дамуына, оқушылардың шығармашылығын арттыруға, білім сапасын жоғарлатуға байланысы  ғылыми тұрғыдан зерттелінеді. Эксперименттік дағдылар практикалық қызметті жүзеге асыру қабілеті ретінде анықталады. Бұл жағдай жаттығуларды орындап қана қоймай, көзге көрінетін қателіктерді байқап, олардың неліктен пайда болғанын түсіндіре білуі тиіс. Ол үшін түрлі проблема туғызатын сұрақтар қойып, оқушылардан толық жауап алуды қажет етеді. Әдістемелік құзыреттілік қоса пәндік құзыреттіліктерін де қалыптастырып, дамытады. Проблемалық жағдай туғызатын әдістемені оқу үдерісінде даярлап, қолдану оқушының эксперименттік құзыреттілігін қалыптастырады. Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін оқу үдерісінде проблемалық жағдай туғызатын әдістеме жасақтау маңызды орын алады.

Опубліковано
2022-03-25
Бөлім
Педагогика