УДК 541.64 ПОЛИМЕР-МЕТАЛДЫ КОМПЛЕКСТЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Айнара Кабибуллина М.Өтемісов атындағы БҚУ
Ключові слова: полимер-металды комплекс, потенциометрлік титрлеу, поливинилпирролидон, тұтқырлық, катализдік қасиет, аналитикалық таразы, рН-метр.

Анотація

Жұмыстың негізгі мақсаты жаңа полимер-металды комплекстер алу, олардың қасиеттерін анықтау және оларды катализде практикалық қолдану мүмкіншілігін зерттеу болды. Жұмыс кезінде потенциометрлік титрлеу әдісі қолданылды. Потенциометрлік титрлеу кезінде Zn2+ ионы мен поливинилпирролидон жүйесінде комплекс түзілетіні анықталды және дәлелденді. Түзілген комплекстерге температураның әсері зерттелді және температураға байланысты тұтқырлықтың қалай өзгеретіндігі бақыланып, температура мен тұтқырлық арасындағы байланыс анықталды. Полимер-металды комплекстердің катализдік қасиеті зерттелінді және катализатор ретінде қолдану қаншалықты тиімді екені анықталды. Жұмыста химиялық таза реактивтер қолданылды, кейбіреулері үшін қосымша тазарту қолданылды. Эксперимент кезінде қолданылатын әдіс полимер-металды комплекстердің түзілуіне өте сезімтал және дәл екендігі жұмыс кезінде дәлелденді. Қолданылатын құрылғылар алдын-ала конфигурацияланған және градуирленген (аналитикалық таразы, рН-метр).

Опубліковано
2023-03-25
Бөлім
Экология