ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ОҚУ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛІН ЖАСАУ

  • томирис рапбек КазНУ им. Аль-Фараби
  • Роза Рысқалиева ҚазҰУ
Ключові слова: химия, эксперимент, әдістеме, зертханалық жұмыс, реакция, оқу-зерттеу, практикалық сабақ.

Анотація

Мектептің басты міндеті оқыту, дамыту және тәрбие беруді қатар ұштастыру саналады. Ал химия пән ретінде осы мәселенің шешіміне үлкен үлес қосады. Себебі химия пәніндегі зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтар кәсіби даярлық пен теориялық дайындықтың басты бөлігі. Олардың бағыты – теориялық мәліметтер мен пәндік және кәсіби практикалық әрекеттердің эксперименттік көрінісі, жағдайы. Олар тек иллюстрация ғана емес, танымдық құрал ретінде де қолданылады. Егер оқушы қауіпсіздік ережесін сақтай отыра практикалық жұмысты орындай алса, зертханалық жұмыс жүргізе алса, эксперимент кезінде бақылау жүргізсе және эксперимент нәтижелерін қорытындылай алса, бұл оның бойындағы өз бетінше жұмыс жасау қабілетін тәрбиелеп, зерттеуге деген ынтасын ашатыны сөзсіз. Сондықтан заманауи талаптарға сай эксперименттік тапсырмалар мен жұмыстарды жүргізудің әдістемелерін жаңашылдандыру өзекті мәселе болып табылады. Мақалада авторлар химия пәнінен практикалық сабақтарда оқушылардың эксперименттік оқу-зерттеу жұмыстарын тиімді жүргізудің жаңа әдістемесін ұсынады. Алдымен білім алушыларға тәжірибе жасауға арналған көрнекілік құралы мен қауіпсіздік техникасы алдын ала беріледі, одан соң оқушылар үш адамнан топқа бөлініп, тапсырмаларды орындай алады. Оқушылардың білім деңгейі мен қабілеттерін толықтай бағалай алу үшін эксперименттік тапсырмалар алдын ала деңгейге бөлінеді. Аталған әдістеме оқушы бойындағы қабілеттерді ашып, оның химия пәніне деген зейіні мен қызығушылығын арттырады деп болжанады.

Жарияланды:
2024-09-25
Бөлім
Педагогика