“ТАҒАМДЫҚ ХИМИЯ” МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ КҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ “БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ” КУРСЫНЫҢ РӨЛІ
Анотація
“Тағамтану” саласы, соның ішінде тағам химиясы күн сайын ғылым мен сол мамандық иелерінің жаңарған технологияға сай теориялық негіздер мен заңдылықтарды білуді талап етеді. ҚР-ның бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау бағдарламалары бойынша тамақтану индустриясы мамандарын дайындауды ұйымдастыру өзекті мәселе саналады. Сондықтан, көптеген жоғары оқу орындарында бұл пәнді оқыту кезінде негізгі бейіндік пәндерге аса назар аударылуда. Тағам химиясын зерттеу бейорганикалық және органикалық химия, биохимия, аналитикалық химия, жалпы микробиология және жалпы санитарлық микробиология пәндерін зерттеумен қатар жүруі қажет. Бұл студенттердің кәсіби қызметті одан әрі дамытуына орасан зор ықпалын тигізеді. “Бейорганикалық химия” пәні МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты) бойынша негізгі, міндетті компоненттердің бірі болып табылады және басқа химиялық пәндерді сәтті игеру үшін қажет бейіндік пәндер қатарында. Сондықтан, болашақ тағам химиктерін кәсіби даярлаудың қажетті компоненті және негізгі кезеңі “Бейорганикалық химия” курсын оқыту кезеңінде пәндік құзыреттілікті дамыту және қалыптастыру мақаланың негізгі мақсаты болып табылады. Зерттеу жұмысы бойынша “Бейорганикалық химия” курс тақырыптарын мамандыққа бейімдеп таңдаудың үлгісі ұсынылады. Сонымен қатар, авторлар 6В07202 “Тағамдық химия және технологиясы” мамандығына арналған бейорганикалық химия курсын оқыту жүйесін құрудың әдіснамалық тәсілдерін, дидактикалық принциптерін анықтады.