Қазақ афоризмі-мәңгілік ұлттық қ ҚАЗАҚ АФОРИСТИКАСЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ-ТАҒЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ

ҚАЗАҚ АФОРИСТИКАСЫНЫҢ СИПАТЫ

  • Abat Kdirshaev М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Ключові слова: : Афористика, шешендік сөз, мақал-мәтел, қанатты сөз, гнома, сөз өнері.

Анотація

Мақалада қазақ афористикасының теориялық қағидалары қарастырылып, тағылымдық мәні таразыланады. Қазақ афоризмінің анықтамалық сипаттамасы, жіктелімдік таратылымы, табиғаты, терминдер топтамасы зерделенеді. «Аталы сөз атан түйеге татиды», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Аталы сөзге арсыз ғана қарсы тұрады» секілді тұжырымдардың тағылымдық аспектілеріне акцент беріледі. Қазақ афоризмдері – сан ғасырлық тіршілік тағылымынан нәр алған даналық ақыл-ой тұнбасы. Афоризмдер- ұлтымыздың өмір сүру тәжірибесін паш ететін санамызда ерекше із қалдырған ұлы тұлғалар мен ұшқыр ойлы ұлағатты сөз тізбесі. Жақсы сөз – жанның тынысы. Демек, жақсы сөз айта білгеннің өзі үлкен шеберлік. Ұлы істің бастамасы ұлағатты сөзден басталатыны даусыз. Халық даналығы – ұлттық сана тұнбасы. Халық даналығы тілінде екені хақ. Егер де тіл мүмкіндігі, сөз байлығы мен көркемдігі шектелсе, даналық ой-пікір де дами алмайтыны сөзсіз. Ал даналықты білдіретін түйін-тұжырымдар, ұғым-түсініктер қатарына аталы сөз, мақал-мәтел, қанатты сөз, нақыл сөз, шешен сөз, өсиет сөздерді қосуға болады. Бұлар – даналық пен парасаттылықтан туындаған терең ой, логикалық тұжырым, философиялық толғаныс, дүниетаным, өмір тәжірибесі, тағылым-тәлім көріністері, көркем сөзбен көмкерілген тұрақты қалыптасқан тіркес, шағын мәтін, қысқа да нұсқа ой үзіктері.

Опубліковано
2023-03-25
Бөлім
Филология