ШӨГІНДІ ТҰНБАЛАРДЫ ӨҢДЕУ ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ЕКІНШІЛІК ШИКІЗАТ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

  • Нуржановна ЗКУ им. М. Утемисова
  • Хайроллиевна ЗКУ им М. Утемисова
  • Избасаровна ЗКУ им М. Утемисова
  • Губаевна ЗКУ им М. Утемисова
Ключові слова: коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар; өндірістік қалдықтар; ағынды су тұнбалары; шөгінді тұнбалар; біріншілік тұнба; екіншілік тұнба; зарарсыздандыру; сусыздандыру; тыңайтқыш; техногенді өнім.

Анотація

Тазарту қондырғыларының қалдықтарын өңдеу және кәдеге жарату мәселесінің өзектілігі жыл сайын көптеген елдер үшін арта түсуде. Мақалада ағынды сулардың тұнбаларын кәдеге жаратудың әмбебап және жалпыға қол жетімді әдісі жоқ екендігі, әр әдістің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар екендігіне және бұның барлығы белгілі бір жағдайларда тұнбаларды өңдеу кезінде ескерілуі қажет екендігі сипатталған. Сондай-ақ, кәріз қалдықтарын зарарсыздандыру әдісінің және тазарту қондырғыларының шөгінді тұнбаларын өңдеуге арналған технологиялардың салыстырмалы сипаттамасы қарастырылған.

Ағынды суларды тазарту процесінде артық шөгінді тұнба түрінде пайда болатын тұнбалар органикалық компоненттердің құрамына байланысты құнды болып табылады, бірақ тұрақты құрамы жоқ. Бұның өз кезегінде ауылшаруашылық өнімдерін, техногендік шикізатты, жемшөп биомассасын алу кезінде оларды өңдеудің белгілі бір шарттарын сақтауды талап ететіндігі көрсетілген.

Опубліковано
2022-03-25
Бөлім
Экология