ENHANCING MOTIVATION AND ENGAGEMENT: THE ROLE OF ADAPTED TEXTS IN TEACHING FOREIGN LANGUAGES

  • Балнұр Нұрланғазықызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Ключові слова: бейімделген мәтін; бейімдеу; мотивация; түпнұсқа мәтін; аутенттік мәтін; таныс емес сөздер; сенімділік; тілді меңгеру; шамадан тыс күрделілік; белсенділік.

Анотація

Бұл зерттеу жұмысы шет тілдерін оқытуда бейімделген мәтіндерді қолданудың әсерін Джейн Остиннің «Sense and Sensibility» романының материалының негізінде зерттейді. Зерттеудің мақсаты – түпнұсқа мәтіндердің бейімделген нұсқаларын қолдану студенттердің тіл үйренудегі мотивациясына жағымды әсер ететінін анықтау. Бұл эксперименталды зерттеу романның түпнұсқасын, содан кейін бейімделген нұсқасымен танысқан студенттер тобын олардың шет тілін тұрақты меңгеру мотивациялары тұрғысынан салыстырды. Нәтижелер топтың бейімделген мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде аутенттік нұсқамен топтың жұмыс кезеңімен салыстырғанда мотивация деңгейі жоғары болғанын көрсетеді. Бұл қорытынды сәл қиындық тудыртатын бейімделген мәтіндердің тіл үйрену үдерісінде оқушылардың ынтасын және белсенділігін табысты арттыруға мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Мақалада осы нәтижелердің шет тілі мұғалімдері үшін пайдасы зерттеледі және шет тілін оқытуда бейімделген мәтіндерді енгізу бойынша ұсыныстар берілген.

Опубліковано
2023-06-26
Бөлім
Филология