НӘЖІМЕДЕН ЫҚСАНҰЛЫ ЕСҚАЛИЕВТІҢ ӨМІР ЖОЛЫ

  • Назгуль Зайнуллина БҚУ
Ключові слова: агроном; дипломат; қоғам қайраткері; мемлекеттік қызметі; елші; Орал облыстық әкімшілігінің басшысы; ҚР Премьер-Министірінің кеңесшісі.

Анотація

Ел егемендігіне қол жеткізу жолында, тәуелсіз мемлекетімізді дамытуға, сыртқы саясатымызды тұғырландыруға ат салысқан мемлекет қайраткерлері, дипломаттарымыз жетерлік. Сондай тұлғаларымыздың бірі де бірігейі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Нәжімеден Есқалиев. Мемлекетіміздің тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдай біліп, нағыз патриоттық қасиеттерге ие азамат Нәжімеден Есқалиев Қазақстан тарихында, оның ішінде біздің Орал өңірінің тарихындағы алар орны ерекше екенін білеміз.
Нәжімеден Есқалиевтің қоғамдық саяси қызметіннің сара жолын кенестік кезеңнен бастау алғанның біреуіміз білсек, біреуіміз біле бермейміз. Нәжімеден Есқалиевтің тәуелсіздік алған жылдардан бастап басқа мемлекеттермен жоғары деңгейде халықаралық қарым-қатынас орнатып қана қоймай, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңесшісі міндетін қоса атқарды. Сонымен қатар, Нәжімеден Есқалиев «Великие звезды», «Фарватер» «Амулет» кітаптардың және еліміздің қоғамдық өмірі мен экономикалық даму мәселелерінің өзекті жақтарын талқылаған жүздеген мақала-очерктердің авторы.
Ол саяси аренада дипломат ретінде мойындалғанымен де, қоғамдық – саяси қызметінің «ақтаңдақ беттері» мүлдем айтылмады. Яғни оның қоғамдық – саяси қызметін ғылыми тұрғыда зерттеуді талап етеді.

Опубліковано
2021-09-25