ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНГАРМОНИЗМНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕСІ

СИНГАРМОНИЗМ

  • Бекжан Көпбосынов М.Әуезов атындағы ОҚУ
Ключові слова: Түркі тілдері, сингармонизм, үндестік, фонетика, сөз, дыбыс.

Анотація

Бұл мақалада түркі тілдеріндегі, оның ішінде қазақ тіліндегі сингармонизмнің зерттелу мәселесі жайлы сөз болады. Түркі тілдері жалғамалы сипатта болғандықтан, дыбыстардың үндесіміне зерттеушілердің назары ерте түсті. Мақалада шетелдік ғалымдармен бірге қазақ зерттеушілерінің тұжырымдары сараланды. Талдаудың негізінде қазақ тіліндегі  үндестік заңының табиғаты ашылады. 

Бүгінге дейін көптеген зерттеушілерде сингармонизмді тек дауысты дыбыстардың үндесуі  деген пікір басым болды. Қазіргі кезде  мектеп оқулықтары мен зеттеу еңбектерінде де осы анықтама беріліп жүр. Біз мақаламызда дауыссыз дыбыстардың да үндесетінін дәлелдейтін мысалдар бердік.

Қазақ тіліндегі сингармонизм туралы ғалымдардың теориялық пікірлері бірізді емес, сондықтан да қазақ тілінің фонетикалық жүйесін эксперименттік жолмен зерттеген ғалымдарының тұжырымдарына басымдық бердік.

Сингармониялық тілде дауыстымен қатар дауыссыз дыбыстың да өзіндік рөл атқаратынын дәлелдеуге тырыстық. Біздің шешімдерімізге кей қағидалар қайшы болғанмен, дыбыстардың жасалым, естілім сипатын лабораториялық жолмен зерттеген ғалымдардың көбінің пікірі біздің талдауымызбен сай келеді.

Жарияланды:
2023-06-26
Бөлім
Филология