ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

  • Балдай Ходжанова Западно-Казахстанский университет им.М.Утемисова
Ключові слова: Әзірбайжан республикасы, Нахичеван Автономиялық Республикасы, Кавказ таулары, Каспий теңізі, эксклав, анклав, посткеңестік мемлекет, мұнай, газ

Анотація

Әзербайжан республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет болуы, нарықтық экономикаға көшуі барысында, қоғамның, оның ішінде экономиканың әр саласында көптеген өзгерістер болып, ТМД аумағында өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қатар дамып отырған алдыңғы қатарлы  мемлекет қатарына енді.

Қазіргі кезде Әзірбайжанның шаруашылығының даму сипаты және тенденциялары ұлттық және аймақтық экономикалық құрылымдардың өзара тығыз байланыста болуына алып келеді. Мемлекеттің өндіргіш күштерінің даму қарқыны орналасу ерекшеліктері негізінен көмірсутегі шикізатын өндіру және экспорқа шығарумен байланысты.

Ресейлік ғалым Н.С. Мироненконың топтастыруы бойынша сыртқы экономикалық байланыстардың бірінші тобын нақты экономикалық көрсеткіштермен айқындалатын сыртқы сауда мен қаржы экспорты құрайды. Негізінен сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі түрлеріне халықаралық сауда, халықаралық қаржы-несие қатынастары, мемлекетаралық өндіріс кооперацисы, халықаралық қызмет көрсету, ғылыми-техникалық байланыстар  және халықаралық туризм жатады. [1].

Осы жоғарыда айтылған халықаралық сауда, халықаралық қаржы-несие қатынастары, өндіріс кооперациясы, қызмет көрсету, ғылыми техникалық байланыстар және туризмде қазіргі таңда жақсы дамып келеді.

Опубліковано
2022-03-25
Бөлім
География