АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ҚОБДЫ АУДАНДЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІ ДАМЫТУ ҮШІН ТАБИҒИ РЕКРАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ РӨЛІ

  • Гульнар Кубесова Актюбинский региональный университет им. К. Жубанова
Ключові слова: туризм; экологиялық туризм; табиғи рекреациялық ресурстар; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; туристік маршрут; пейзаж.

Анотація

Түйіндеме. Мақала экологиялық туризмді қалыптастыру және дамыту үшін үлкен маңызы бар табиғи рекреациялық ресурстарды зерттеуге арналған. Ақтөбе облысы Қобды ауданы аумағында экологиялық туризмнің қалыптасуына негіз болатын табиғаттың барлық дерлік элементтері анықталды.Қобды ауданында экологиялық туризмді дамыту үшін көптеген табиғи рекреациялық ресурстар бар екені анықталды.Территорияның табиғаты ерекше, өзіндік геологиялық және геоморфологиялық объектілердің болуымен, флористикалық, фауналық әртүрлілігімен, бірегей ландшафттары мен экожүйелерімен ерекшеленеді.Географиялық жағдайды ескере отырып, аудан әртүрлі туристік-экскурсиялық маршруттарды, экологиялық соқпақтарды құруға перспективалы.Экологиялық туризмді дамытуда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рөлі көрсетілген.Облыстың қолда бар туристік-рекреациялық ресурстары жан-жақты ғылыми зерттеуді қажет етеді.Экологиялық туризмді одан әрі дамыту үшін бірқатар нақты практикалық ұсыныстар ұсынылады.

Жарияланды:
2023-06-26
Бөлім
География