Қазіргі әлемде қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселесінің өзектілігі күннен-күнге айқындала түсуде. Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстардың сарқылуы және басқа да экологиялық мәселелер шұғыл және тиімді шешімдерді талап

  • Жансая Садуақас КазҰУ
Ключові слова: элективті курстар, Жасыл химия, техникалық және кәсіптік білім, оқу процесі, экология мәселелері

Анотація

Жұмыста техникалық және кәсіптік білім беру колледждері үшін «Жасыл химия» элективті курсын құрудың маңыздылығы қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – элективті курстардың маңыздылығын дәлелдеу және осы колледждерде «Жасыл химия» курсын енгізуді негіздеу. Шетелдік және отандық авторлардың іргелі және жаңа еңбектеріне шолу жасалып, ұсынылған курстың практикалық маңыздылығы да бағаланды. Зерттеу нәтижелері мен талдаулары элективті курстарды, оның ішінде «Жасыл химияны» құрудың маңыздылығын растайды. Олар студенттердің белсенді қатысуына, олардың дағдыларының дамуына және оқу үлгерімінің жақсаруына ықпал етеді. Сонымен қатар, мұндай курстар экологиялық сананы қалыптастырады және экологиялық таза химия саласындағы білім мен дағдыларды дамытады. Зерттеу нәтижелері техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінде «Жасыл химия» элективті курсын енгізу қажеттілігін растайды. Курс студенттердің экологиялық санасын қалыптастыруға және олардың экологиялық таза химия бойынша кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Алынған нәтижелерді колледж әкімшілігі мен оқытушылар оқу үрдісіне элективті курстарды әзірлеу және енгізу кезінде пайдалана алады. Олар білімнің әртүрлі салаларында студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған жаңа элективті курстарды әзірлеуге де негіз бола алады

Опубліковано
2023-09-25
Бөлім
Педагогика