САНЖАР АСФЕНДИЯРОВТЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ

  • Сабина Куандихова БҚУ
Ключові слова: тарих ғылымы, ғалым, дәрігер, зерттеу, шығарма, монография, педагог, саясаткер, алашорда, саясат.

Анотація

Мақалада туған елінің көгіне жұлдызы жарқырап шыққан қазақтың ардақты ұлы, қоғам және мемлекет қайраткері, көреген саясаткер, дарынды ғалым, педагог, әрі жазушы , Қазақстанда ғылым мен білім беру ісінің білгірі және шебер ұйымдастырушы Санжар Асфендияров өмірі мен қызметі туралы баяндалған. Оның қазақ мемлкетінің қалыптасуы мен дамуына, білім беру жүйесі мен ғылымына, денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі ұшаң теңіз.

Санжар Асфендияров дүйім қазақта аты белгілі тұлғаларадың жұрнағы, болаттай тұяғы іспеттес. Әкесі Сейітжапар – сұлтан, Әбілхайыр ханның үлкен ұлы Айшуақ ханның ұрпағынан тараған патша әскерінің полковнигі шенінен отставкаға шыққан, жарты ғасырдан астам уақыт Түркістан өлкесінде қызмет еткен қазақ қайраткері, анасының есімі Гүландам Қасымова. Өзінің жарты ғасырдан астам мерзімге созылған қызмет жолын қатардағы порукчиктен бастаған Санжар Асфендияров туа біткен дарыны мен еңбекқорлығының арқасында Түркістан өлкесінің түркі - мұсылман халықтары үшін жоғары әскери атақ болып саналған - полковник шеніне қол жеткізеді.

Опубліковано
2021-09-25