ЕДІЛБАЙ ҚОЙЫНЫҢ ЕРКЕК ҚОЗЫЛАР МЕН ТОҚТЫЛАРЫНЫҢ ЕТТІЛІГІ МЕН САПАСЫ
Анотація
Мақалада Еділбай қойының еркек қозылары мен тоқтыларының ет-май өнімділігінің қалыптасу нәтижелері берілген. Мастексай қожалығындағы 4 және 7 айлық еркек еділбай қозылары мен тоқтыларына сою жүргізіліп, ұша салмағы мен морфологиялық құрамы, құрдық және іш майының салмағының нәтижелері келтірілген. 4-айлық қозылардың сойыс алдындағы тірі салмағы 42,18 кг құрады, ұша салмағы 19,51 кг, құрдық салмағы 7,7 кг, ал ішкі майының салмақтары 55,6 г болды, сәйкесінше 7 айлық тоқтылардікі 52,94 кг, 24,42 кг, құрдықтікі 16,2 кг және ішкі майының салмағы 37,14 г. 4 айлықтарда ақуыздың майға қатынасы. 1: 99 құрады, ал 7-айлық тоқтыларда 1: 89.4 айлық қозыларды ұша құрамында ет үлесі 74,21% және сүйектер мен сіңірлер 25,78% құрайды, сәйкесінше 7 айлық тоқтыларда 73,13 және 23,75%.