БҚУ хабаршысы

  • Дильназ Алшекенова ЗКУ имени М. Утемисова
Ключові слова: Экологиялық білім, экологиялық тәрбие, экологиялық мәдениетін, экологиялық принциптер, үздіксіз экологиялық білім, қоршаған орта, табиғат.

Анотація

Қазіргі кездегі экологиялық проблемалардың туындауы, соның ішінде табиғи ортаға тигізетін адамның іс-әрекетінің шексіз өсуі және оның келеңсіз көріністері айқын байқалуда. Жалпы әлемдік денгейде мойындалып отырған экологияландыру процесіне сәйкес ізгілік қасиеттерін, құндылық қатынастарын, теориялық – практикалық тенденциялары айқындала бастады. Экологиялық тәрбие мен білім беру – көп сатылы процес, ол кешенді тұрғыда қарастыруды қажет етеді. Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің міндеттеріне табиғат туралы, оның тұтастығы және қоғаммен бірлігі хақындағы ғылыми негізделген білімді меңгеру, оған ықпал етуге байланысты туындайтын практикалық шараларды дәлелдеп орнықтыру, қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығы шексіз екенін ұғындыру, табиғи ортада дұрыс жүріп–тұрудың нормаларын сақтау, табиғат пен сырласа білу қабілетін дамыту, табиғат пен қайта түлеген ортаны жақсарту жөніндегі қызметті сауатты ұйымдастыру жатады. Міне, осы міндеттерді шешу жастардың экологиялық білімін арттырып, олардың табиғатқа деген қарым–қатынасын қалыптастыруға бағытталады.

Опубліковано
2023-09-25
Бөлім
Экология

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають