1980 ЖЫЛДАРДЫҢ БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰСЫЛМАН ДІНІНІҢ РЕСМИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ МЕН ТІРКЕЛМЕГЕН МОЛДАЛАР БЕЛСЕНДІЛІГІ
Анотація
Осы мақаланың басты назарында 1980 жылдары Батыс Қазақстанда мұсылмандардың ресми бірлестіктер қызметшілер мен және тіркелмеген мешітсіз молдалар қызметі қарастырылады. Автор әртүрлі мұрағат құжаттардан алынған мәліметтерді талдау негізінде діни ахуал бойынша қорытынды жасайды. Мақалада мешіттерге келушілердің саны және олардың қайырмалдықтары туралы мәліметтер келтірілген, сондай-ақ Кеңес Одағының дінге қатысты саясаты сипатталған. Қалаларда тіркелген діни бірлестіктердің белсенділігінің жойылуы атеизмнің кеңінен насихатталуымен байланысты екені анықталды, ал ресми мұсылман дінбасылары болмаған Қазақстанның батыс облыстарының ауылдары мен шағын қалаларында тіркелмеген молдалар қызу жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, тіркелмеген діни қызметшілерді заңдастыру және олардың кейбір өкілдерін мұсылмандардың тіркелген діни бірлестіктерінің қызметіне біріктіру әрекеттері Батыс Қазақстан облыстарындағы діни ахуалға пайдалы әсер ету мысалдарына ие болып, ресми жұмыс істеп тұрған мешіттердің экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал еткені атап өтілді.