ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРЫЛҒАН 152-ШІ ДЕРБЕС АТҚЫШТАР БРИГАДАСЫ

  • нагиева бакытжан м.утемисова зку
Ключові слова: Ұлы Отан соғысы; Орал қаласы; 152- ші дербес атқыштар бригадасы; Сталинград шайқасы; Халхута; шайқас алаңы; бауырластар зираты; деректер; естеліктер.

Анотація

Сталинград шайқасы Ұлы Отан соғысындағы басты шайқастардың бірі.Сталинград шайқасы мен Батыс Қазақстанның қорғаныс сызығы бар болғаны 200 шақырымды бөліп тұрды.Мақалада Орал  қаласында жасақталған 152-ші дербес атқыштар бригадасының соғыс барысына елеулі бетбұрыс әкелген  Сталинград шайқасына қатысқандығы және 152-атқыштар бригадасының Отан қорғауда өткен айбынды да даңқты жорық жолы және оның ержүрек жауынгерлерінің қан майдандағы жанқиярлық ерліктерібаяндалады. Бригаданың қалыптасуына Мемлекеттік Қорғаныс Кеңесінің қаулысы және КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының 1941 жылғы 20 желтоқсандағы директивасы негіз болған.Автор  Сталинград шайқасы барысындағы қорғаныс пен қарсы шабуылдар кезінде 152-ші дербес атқыштар бригадасы құрамында шайқасқан жерлестеріміздің  қалмақ даласында қасық қаны қалғанша қанды шайқасқа түскен жәнеқаза болған жерлестермен  Халхута ауылындағы бауырластар зираты туралы мәліметтер береді.

Жарияланды:
2021-09-25