ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ ЖОҒАРЫ САТЫСЫНДА ЖАЗЫЛЫМДА КОГНИТИВТІК ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУ

  • Малика Гумарова ЗКУ им. М. Утемисова
Ключові слова: жазылым; когнитивтік стратегиялар; когнитивтік тәсіл; жазуға үйрету; оқу үдерістері.

Анотація

Жазылым меңгеруі маңызды дағдыларының бірі ретінде қарастырылады, өйткені қазіргі технологиялық прогресс әлемінде адамдарға Интернет арқылы тиімді қарым-қатынас жасау үшін жазу дағдылары қажет. Алайда, шет тілін оқытудың жоғары сатысында оқитындар өз ойлары мен идеяларын жазбаша түрде жеткізуде қиындықтарға тап болады. Осылайша олар коммуникативті құзыреттілікке толық ие бола алмайды. Бұл жағдайда оқушылардың жазу дағдыларын жақсарту үшін жазуға үйретуде когнитивті тәсілді қолдану ұсынылады, өйткені ол балаларға жазбаша мәтіндерінің сапасын жақсарту үшін жазу стратегияларын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен, мақаланың негізгі мақсаты – когнитивтік тұрғыдан жазуға қатысты теориялық идеяларды беру және шет тілін оқытудың жоғары сатысында когнитивтік тәсіл арқылы жазуға үйретуді көрсету. Зерттеу мақсатына жету үшін жазуды оқытудағы когнитивтік тәсілге қатысты іргелі еңбектер мен әртүрлі ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалды.

Опубліковано
2022-03-25
Бөлім
Филология