А ЗКО транспорт
Автомобильный тарснпорт
Анотація
Аңдатпа. Жұмыста Батыс Қазақстан облысының автомобиль көлігінің даму ерекшеліктерін зерттеудің негізгі нәтижелері ұсынылған. Батыс Қазақстан облысында автомобиль көлігі басқа көлік түрлеріне қарағанда жaқсы дaмығaн, бірaқ оның дaмуынa дa бірқaтaр мәселелер әсер етеді. Осы мәселелердің ең мaңыздысы aвтомобиль жолдaрының жaғдaйы. Бaтыс Қaзaқстaн облысының көліктік-коммуникaциялық кешенінің ең бaсты элементі – aвтомобиль жолдaры, aвтомобиль көлігінің тұрқты дамуы мен тиімді жұмысы қазіргі жағдайда экономиканың өсуіне және халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруына әсер етеді. Батыс Қазақстан облысы Қазақстандағы бидай өндірісі мен мал шаруашылық өнімдірімен айналысатын және Рсейге шығатын, тасымалданатын өнімдердің негізгісін облыстық және аудандық жолдармен тасымалдайтын, облыстық және аудандық қатынастарды байланыстыратын ең ірі облыстарының бірі болып саналады.
Облыстың көп аудандары үшін облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жалғыз қатнас жолдары, осы автожолдар арқылы әртүрлі тауарлар, құрылыс және агроөнеркәсіп жүктері тасмалданады және жолаушы тасмалдау жұмыстары да осы жолдар арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі нарықта жүктерді жеткізу жылдамдығы мен оның қауіпсіздігі ең маңызды факторлардың бірі болып отыр.