ФОРМИРОВАНИЕ ФУНКЦИОНАЛЬНОЙ МЕЖКУЛЬТУРНОЙ КОММУНИКАТИВНОЙ КОМПЕТЕНЦИИ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА
Анотація
Аңдатпа. Бұл мақалада орыс тілі сабақтарында функционалдық мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілікті дамыту мәселелері қарастырылады. Қазіргі уақытта жаһандану үдерісі жағдайында мәдениетаралық коммуникация дағдысы өзекті құзыреттілікке айналуда. Басқа мәдениет өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасау үшін олардың мәдениетін түсініп, құрметтей білу керек. Орыс тілі сабағында оқушылардың тілдік білім мен дағдыларды меңгеріп қана қоймай, олардың мәдениетаралық құзыреттілігін дамытудың маңызы зор.Ол үшін әртүрлі халықтардың мәдени ерекшеліктерін талқылауға жағдай жасау, оқу материалында мәдениеттер арасындағы айырмашылықтарды түсінуге көмектесетін мәтіндер мен тапсырмаларды пайдалану маңызды. Бұл мақалада сонымен қатар жазу дағдыларын дамытуға негізделген функционалды мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілікті дамытуға бағытталған жаттығулар кешені ұсынылады.