АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ӨМІР СҮРУІНІҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨҢІРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Анотація
Бұл мақалада, ел экономикасында халықтың әлеуметтік жағдайы бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі болып табылғандықтан, Ақтөбе облысы халқының өмір сүруінің сапалық көрсеткіштеріне баға берудегі аспектілер қарастыралады. Зерттеуде ғылымдағы «өмір сүру сапасы» ұғымына анықтама беріліп, ғылыми мектепке тән спецификалық белгілер ажыратылды. Зерттеу деректеріне 2016-2021 жылдардағы өзгеріс динамикасы шегінде статистикалық салыстырмалы анализ жасалып, халықтың өмір сүрунің сапалық көрсеткіштер сипатына ерекше мән беріледі. Демография, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту саласы бағыттарындағы мәліметтер мен көрсеткіштерге сүйене отырып, облыс халқының өмір сүруінің сапалық көрсеткіштеріне өңірлік ерекшеліктері қарастырылып, еліміздегі мемлекеттік және өңірлік саясаттың басты басымдықтары адами капиталды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы негізгі позициялар анықталды.