ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КІТАПХАНАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ САЛАСЫН ЖАҢАШАЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА «6В03201– КІТАПХАНА ІСІ» БББ ДАМЫТУ

  • Альбина Аханова ЗКУ им. М.Утемисова
Ключові слова: Қазақстан Республикасының кітапхана ісі, «6В03201 – Кітапхана ісі» БББ, БББ модернизациялау, БББ дамыту мәселелері, мамандандыру, БББ даму болашағы

Анотація

Мақалада кітапхана ісіндегі инновациялық өзгерістердің негізгі стимулдары болып табылатын және заманауи кітапханалардағы мамандарды даярлаудың бағыттарын айқындайтын қазақстандық кітапханаларды жаңғырту үдерістері мен олардың дамуының жаңа әлеуметтік-мәдени парадигмасы берілген. Ақпараттық-мәдени ағарту орталығы болып табылатын заманауи кітапхана-бұл мәдениеттің, ғылымның әлеуметтік институты және кітапхана саласындағы озық технологиямен жұмыс жасауды талап етеді. Нарық және жұмыс берушілер талаптарын ескере отырып, қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, кітапхана ісін ұйымдастыру саласында практикалық және ғылыми қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісі және ақпаратты өңдеу саласында іргелі білімі бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.

    Инновациялар көлемінің ұлғаюы, білім беру нәтижелеріне қойылатын жаңа талаптар, оқыту нәтижелерін бағалаудың жүйесі, ақпараттық-кітапхана қызметін интеграциялау мәселелері кітапхана маманы қызметінің мазмұнын жаңартуды, зияткерлік ресурстарды шоғырландыруды, қажетті ақпаратты өз бетінше іздеуге ұмтылуды талап етеді.

    БББ дамуының мәселелері мен ықтимал перспективалары кітапхана ісін түрлендіруде, оқу үдерістерін жетілдіруде, Қазақстан Республикасындағы «6В03201 – Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы (БББ) негізінде де көрсетілген.

Опубліковано
2023-12-25
Бөлім
Педагогика