The БАУЫРЖАН ҒҰБАЙДУЛЛИННІҢ ЖАЗУШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІ, КЛАССИКАЛЫҚ ПРОЗАҒА БЕТБҰРЫС

  • Жангүлім Мұханбетова М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
  • Зинулла Мутиев М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Ключові слова: классикалық проза; шағын жанр; сюжет; қаламгер; повесть; новелла; интерпретация; пафос; образ; мифтік таным.

Анотація

Мақалада қазіргі прозаның көрнекті өкілі Бауыржан Ғұбайдуллиннің жазушылық шеберлігі оның әдеби шығармашылығына талдау жүргізу арқылы баяндалады. Авторлар жазушының «Қысқы орман», «Жазда жауған бұршақ», «Шортан», «Кие», «Бір түнгі жалғыздық», «Биленбеген вальс», «Қар жауған күн – Жаңа жыл», «Етікші», «Ортақ ерлік», «Алғашқы һәм ақырғы аңшылық», «Аман бол, Арлан!», «Ұялшақ махаббаттың ғұмыры ұзақ» атты әңгіме, новелла және мысалдарын тақырыптық-идеялық тұрғыдан таратып талдап, адамзаттың ортақ үйі, ортақ мекені саналатын табиғатқа, жыл мезгілдеріне арналған табиғаттағы тылсым құбылыстардың әсемдігін сөз ететін, қоғамдағы адам, заман өзгерісін, қазіргі кездегі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтеретін, ғашықтық, нәзік сезім, махаббат мәселесіне арналған туындылар есебінде бағалайды. Жазушының қай әңгімесін оқысаңыз да өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғаларға құрылады деген түйінге келеді мақала авторлары яки Бауыржан Ғұбайдуллинді қазіргі дәуірдің, заманның мәселелерін терең түсіне білетін, жан-тәнімен сезіне білетін және оны өзінің көркем шығармаларына арқау ете білетін, терең тынысты  психолог жазушы, қабырғалы қаламгер ретінде таниды.

Опубліковано
2023-12-25
Бөлім
Филология