УДК 93/94 ОТАНДЫҚ САЯСИ ІЛІМДЕР ТАРИХЫНДАҒЫ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОСАЯСАТЫ
Анотація
Аннотация. Әрбір халық өз өткен кезеңінің рухани қазынасын игермей, өз ұлтының сана – сезімінің мөлдір қайнарын сусындамай тұрып өзін толыққанды ұлт ретінде сезіне алмас. Тәуелсіздік алғаннан бері, біз ұлттық қазынамызды қайта жинақтай бастадық және ата – бабамыз армандаған мәңгілік елдігімізді құруға қолымыз жетті. Бұл бағытта отандық саяси ақыл – ой қалыптасуын зерттеу ерекше орын алады. Мемлекеттің этносаясаты мың жарым жылдан кейін құдіретті ата – бабамыздан ұлы мұраға қалған «Мәңгілік ел, мәңгілік ұлт» идеясын жаңғыртып, ХХІ ғасыр жаңашылдығын бойына сіңірген жаңа идея сипатында жариялап отыр. ХХІ ғасырда қуатына енген жаһандану дәуірінде тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын екенін тарихи сабақтастықты тарқата отырып, ерекше атап өтті.