ГРУЗИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

  • baldai Ходжанова М.Өтемісов атындағы БҚУ
Ключові слова: Кілт сөздер: Грузия мемлекеті; Тбилиси қаласы; Қара теңіз; Каспий теңізі; Кавказ таулары; Риони өзені; Кольхида ойпаты.

Анотація

Аңдатпа. Бұл мақалада Грузия мемлекетінің шаруашылығының құрылымы және территориялық ұйымдастырылуы жайлы мәселе қарастырылады. Ел шаруашылық құрылымында бірінші кезекте елдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына сипаттама беріледі. КСРО-ң ыдырауы нәтижесінде елдегі тұрақты дамығын экономикалық байланыстар бұзылып құлдырау жағдайына жетеді. Елдегі ЖІӨ бес есеге дейін төмендеді. Шаруашылығында өнеркәсіп үлесі төмендеп, ауыл шаруашылығы үлесі артты. Мемлекет аумағында отын-энергетика, металлургия, химия және мұнай-химия, машина жасау және металл өңдеу, орман және ағаш өңдеу, жеңіл, тамақ өнеркәсіп салалары жолға қойылған.

            Ал қазіргі ауыл  шаруашылық саласының үлесі барынша азаюда, ауыл  шаруашылығының үлесі 34 пайыз ғана. Елдегі өсімдік шаруашылығының үлесі 57 пайыз, мал шаруашылығы 43 пайызды құрайды. Өсімдік шаруашылығының қарқынды дамуына жер бедерінің таулы болып келуі кері әсерін тигізіп отыр. Ел территориясында жүзім, цитрус, құрма, фейхоа, лоқат, інжір, анар, лавр және  шай ағаштары. Сонымен қатар дәнді дақылдар, картоп,  бақша дақылдары және жем-шөп бағытындағы шөптесін өсімдіктер, ал техникалық дақылдардан темекі, күнбағыс өсіріледі.

Мал шарушылығында сүтті-етті бағытындағы ірі қара, қой және ешкі, шошқа шаруашылығы жолға қойылған.

Көлік кешені бойынша ел аумағында автомобиль, теңіз, құбыр, әуе  көлігі жолға қойылған.

Опубліковано
2023-12-25
Бөлім
География