DETERMINATION OF THE TOTAL ANTHOCYANINS AND CAROTENOIDS CONTENT IN LEAVES OF FRUIT AND BERRY CROPS COMMON FOR WESTERN KAZAKHSTAN.
Анотація
УК-спектрофотометрияны қолдану арқылы Батыс Қазақстан облысында кең тараған жеміс-жидек дақылдарындағы антоциандардың жалпы мөлшері, каротиноидтардың жалпы мөлшері және а және b хлорофиллдердің жалпы мөлшері талданды. Бұл жұмыста өсімдіктің он екі түрі зерттелді. Жапырақтардағы антоциандардың құрғақ салмақтарының жалпы мөлшері 0,041-ден 0,532 мг/г, каротиноидтар – 0,56-дан 3,87 мкг/г дейін өзгерді. Хлорофилл a және b мәндерінің диапазоны кеңірек болды (тиісінше 2,15-тен 14,07-ге дейін және 1,8-ден 9,1 мкг/г-ге дейін). Зерттелген өсімдіктердің ішінде табиғи пигменттердің ең жоғары деңгейі R. сanina өсімдігіне тән. P.armeniaca антоцианиндерге ең бай өсімдік екені атап өтілді, өз кезегінде R.canina және A.ovalis жалпы каротиноидтарға ең бай болды. Сондай-ақ, өсімдік құрамындағы пигменттердің мөлшері өсімдік түріне байланысты, ал хлорофилл а мөлшері хлорофилл б мөлшерінен 1,19-2,75 есе артық екені анықталды.