ОРТА БУЫН СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ТҰРҒЫЛЫҚТЫ – МЕКЕН ЖАҒДАЙЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

  • алия бекболатова ЗКУ имени М.Утемисова
Ключові слова: оқу-тәжірибе үлескісі; көгалдандыру; мектеп; ландшафттық дизайн; гүлзар; жоспарлау; эскиз; абаттандыру; гүлдер композициясы; тірі бұрыш.

Анотація

Оқушыларға сапалы білім беріп, денсаулықтарын нығайту негізінде тәрбиелеуде мектеп маңында жүргізілетін көгалдандыру жұмыстарының маңызы зор. Осыған байланысты қазіргі таңда негізгі өзекті мәселе – қоршаған ортаны қорғау болып табылады. Осыған байланысты ағаштар отырғызу, түрлі гүлді-декоративті өсімдіктерді өсіру, жалпы көгалдандыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Мектептегі берілетін теориялық білім практикалық дағдылармен ұштастырылады. Практикалық дағдылар жалпы мектеп маңы үлескісіндегі жұмыстар негізінде жүзеге асырылады. Мектеп маңы үлескісіндегі жұмыстардың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны тазарту жолында көгалдандыру жұмысын жандандыру. Негізгі міндеттері – әртүрлі ағаштар мен түрлі гүлді өсімдіктерді отырғызып, Отанын сүйетін, табиғатты аялайтын, қоршаған орта тазалығы жолында барлық күш-жігерін аямай еңбек ететін азаматтарды тәрбиелеу. Өсімдіктерді күтіп – баптау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оқушылар әдемілікті бағалау және түсіне білуге үйренеді. Бұған қоса келешекте кейбір мамандықтар туралы практикалық түсініктері қалыптасады. Осы уақыттан бүгінгі күнге дейін мектеп маңындағы үлескіде жұмыс істеу мектеп мүғалімдерінің негізгі сабақтан тыс жұмыстарының бірі. Мектеп маңындағы үлескілердегі іс-шараларды жоспарлау және ондағы жұмыстарды ұйымдастыру, өсімдіктерді күтіп-баптау, атқарылған жұмыстар бойынша нәтиже шығару мұғалімдердің қосымша атқарып жатқан жұмыстарының негізі болып табылады. Топырақ және климат жағдайына бейімделген гүлзарлар мен газондарға арналған өсімдік түрлері, көкөніс дақылдарының негізгі іріктемелері,ағаш және бұта түрлері өсіріледі.

Жарияланды:
2024-03-25
Бөлім
Педагогика